Тексеру нәтижесінде, Ресей Федерациясынан 5 тонна шошқа еті ветеринариялық ілеспе құжаттарсыз заңсыз тасымалданғаны анықталған.
Шошқа етін заңсыз әкелгендер ұсталды
Фото: gov.kz
592
оқылды

«Сырым» ветеринариялық бақылау-өткізу пунктінде ҚР ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлерімен бірлескен тексеру барысында Ресейдің Белгород облысынан Алматы қаласына бағытталған DAF маркалы жүк көлігі тоқтатылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz АШМ-ге сілтеме жасап. 

Ветеринариялық-санитариялық заңнама талаптарының бұзылуына байланысты жүк көлігі кері қайтарылды. Ал жүргізушіге қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 406-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Бүгінгі күні Батыс Қазақстан облысы аумағындағы ветеринариялық бақылау пункттерінде 129 құқықбұзушылық тіркелді. 129 автокөлік ел аумағынан шығарылып, 76 тұлғаға әкімшілік хаттама  толтырылды. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 6 448 480 теңге болды.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті мемлекеттік шекара арқылы ауыл шаруашылығы жануарларын, жануар тектес өнімдер мен шикізатты тасымалдау кезінде ветеринариялық-санитариялық талаптарды қатаң сақтау қажеттігін еске салады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM   арнасынан табасыз.