Парламент Мәжілісінің Төра­ғасы Ерлан Қошанов­тың төрағалығымен палаталардың бірлескен отырысы өтті. Онда де­путаттар Конституциялық Сот­­тың жолдауын тыңдап, Үкі­мет пен Жоғары ау­диторлық па­­латаның өткен жылғы рес­пуб­­ликалық бюджеттің атқа­ры­луы туралы есептерін бе­кітті.
Бюджет атқарылуы – бақылауда
193
оқылды

 Депутаттар алдымен Конс­ти­туциялық Сот­­тың «Қазақстан Рес­публикасындағы консти­ту­ция­лық заңдылықтың жай-күйі ту­ралы» жолдауын тыңдады.

– Бүгінде бізге азаматтардан он жарым мың­­нан астам өтініш ке­ліп түсті, оның ша­ма­мен үш­тен бір бөлігі соңғы бір жарым жыл­­­ға тиесілі. Басым бөлігі қыл­мыс­тық, әкім­­шілік, азаматтық, жер, салық және әлеу­­меттік заң­на­маның нормаларына қа­тыс­ты. Сон­дай-ақ заңнаманы жетілдіру бойын­ша нақты ұсыныстар, қол­даныстағы заң­наманың нор­ма­ларын құқықтық тү­сін­діру тура­лы өтініштер бар, – деді Конс­­­ти­ту­циялық Сот төрайымы Эльвира Азимова.

Сондай-ақ ол конституция­лық заң­­ды­лық көп жағдайда жо­ғары са­палы норма шы­ғару­мен бай­ла­нысты екеніне назар ау­­дарды. Конс­титуциялық Сот өз қызметін бас­­таған­нан бері 400-ге жуық қау­лы қа­был­дады. Қа­зір заңдар мен өзге де нор­ма­тивтік-құқық­тық ак­тілердің нор­ма­ларын тексеру нә­­тижелері бойын­ша 14 қаулы орын­далып жатыр.

Эльвира Азимова қазірдің өзін­де де­пу­таттар бастамашы бол­­ған бірнеше заң жо­ба­сында Конс­титуциялық Соттың құ­қық­­тық ұстанымдары мен қоры­тындыларына қатысты заңнама­лық ұсыныстар пакеті бар екенін атап өтті. Ол сондай-ақ заңна­ма­лық бас­тама аясында ойын биз­не­­сін реттеудегі құ­қықтық екіұш­­тылықты жоюға, зейнетақы жи­­­­­­­­­­­­­нақтарын сақтандыру мен қор­­­­­ғауға және бас­қа да мәселе­лер­­­­ге қатысты кодекстер мен заң­­­­­дар­ға өзгерістер енгізуді ұсын­­­­ды. 

Баяндамаларды тыңдаған соң пар­ла­мент­шілер Конституция­лық Соттың жол­дауын назарға алды.

Бұдан соң Парламент депу­тат­тары Үкі­мет пен Жоғары ау­ди­торлық палатаның 2024 жылға ар­налған республикалық бюд­жет­тің атқарылуы туралы есеп­те­рін тың­да­ды. Қаржы министрі Мәди Такиев пен Жоғары ауди­тор­лық палата төрағасы Әлихан Смайылов баяндама жасады.

Мәжіліс депутаты Ұласбек Сә­дібеков қосымша баянда­ма­сын­да қаржының игерілуіне қара­мастан, бюджет процесінің са­пасы жеткіліксіз деңгейде қа­лып отырғанын, жүйелі проб­ле­ма­лар бар екенін баса айтты. 

– Экономикалық көрсеткіш­тер бұл үрдісті растайды. Жыл қорытындысы бойынша жалпы ішкі өнімнің өсімі 4,8 пайызды құрады. Бұл көрсеткіш Үкімет болжаған деңгейден (5,3%) де, был­тырғы нақты нәтижеден (5,1%) де төмен болып отыр. Бұл бюджет қаражатының нақты сек­торға жеткілікті деңгейде әсер ете алмағанын білдіреді. Мұның се­бептерін ең алдымен бюджеттің қалыптастырылуы мен орындалу сапасынан іздеу қажет, – деді Ұ.Сәдібеков.

Ұласбек Сәдібеков биылдан бастап жаңа редакциядағы Бюджет кодексі күшіне енгенін еске салды. Оның нормалары бар­лық деңгей­дегі бюджет бағ­дарламалары әкім­шілерінің қара­жатты игермегені, жобаларды уақытында іске асыр­мағаны және нәтижесіздігі үшін жеке жауап­кершілігін күшейтуге бағыттал­ған. Сонымен қатар шы­ғыс­тардың тиімділігін міндетті түрде алдын ала және кейінгі бағалау енгізілген.

 Сенат депутаты Сұлтанбек Мәкежанов та қосымша баян­дама жасады.

 Талқылау барысында Мә­жіліс­­тің Қаржы және бюджет коми­тетінің төрайымы Татьяна Са­вельева республикалық бюд­жеттің кірістерінің қысқару мә­селесін көтерді. Депутаттың ай­туынша, 2023 жылмен са­­лыс­­тырғанда экономиканың өсімі 4,8 пайыз бол­ғанымен, бұл көрсеткіш 1 трил­лион теңгеге азайған. Әсі­ресе, қосылған құн салығы айтар­лықтай төмендеген (8,3 пайызға), оның жалпы ішкі өнімдегі үлесі 4,7 пайыздан 3,8 пайызға дейін азайған.

 Мәжіліс депутаты Ерлан Саи­ров соңғы екі жылда Ұлттық даму жоспарында айтылған не­гізгі міндеттер орындалмай қа­лып отыр­­ғанын атап өтті. Оның ай­туынша, биыл мемлекеттік қа­рызға қызмет көрсету және өтеу шығындары 6,1 трлн теңгені неме­се барлық бюджет кірісінің 38 па­йызын құрайды.

 – Ұлттық қордың қаражаты соңғы 10 жылда республикалық бюджеттің 30 пайызын жауып келеді. Мұнайға қатысты емес тапшылық жалпы ішкі өнімнің 8 пайызын құрайды. Жеке инвес­тициялардың үлесі азайып отыр, іскерлік ортаны нығайтудың орнына қосылған құн салығын қайтару үлкен проблема болып тұр. Бюджеттің атқарылуы стра­тегиялық міндеттерді шешуге емес, бюджеттің жыртығын жабуға бағытталған. Бұл ретте Үкіметтің қолында жаңа Бюджет кодексі, жаңа Салық кодексі, Ұлттық даму жоспары бар. Бірақ есепте ұсы­ныл­ған материалдарда ұлттық перспектива көрінбейді, елдегі прогрестің нақты көр­сеткіштері жоқ, – деді Е.Саиров.

Сондай-ақ депутаттар жауап­ты мемлекеттік органдарға нақ­тылау сұрақтарын қойды. Оның ішінде республикалық меншікті жекеше­лендіру ауқымы мен оның бюджет пен Ұлттық қор­дағы көрінісі арасындағы сәйкес­сіздік, жеке инвестициялар үле­сінің қысқаруы, Үкіметтің ин­вес­тициялық белсен­ділікті қалпына келтіру және өн­дірісті қолдау шаралары, ин­фля­цияны тежеудегі базалық мөл­­­­­­шер­леменің тиімсіз­дігінің се­беп­­тері және басқа да мәселелер кө­терілді.

Бұдан соң Парламенттегі алты саяси партияның фрак­циялары республикалық бюд­жеттің ат­қарылуы туралы есеп­терге қа­тысты өз ұсыныстарын берді. Мә­жілістегі Қазақстан халық партиясы, Жал­пыұлттық социал-демократиялық пар­тиясы және «Ақ жол» партиясы фракциялары қарсы дауыс берсе, «Ауыл», Res­publica және «АМАNАТ» фрак­циялары құ­жаттарды бекітуді қолдады.

«АМАNАТ» фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев жаһандық сын-қатерлерге қара­мас­тан, Үкімет экономикалық өсімге қол жеткізіп жатқанын, былтырғы барлық әлеуметтік міндеттеме орындалғанын атап өтті. Сондай-ақ экономикада жалпы ішкі өнім 6 пайызға, Ұлттық қор мен алтын-валюта ре­зервтері 112 млрд долларға өскен. Кәсіпкерлерге 1,2 трлн теңге көле­мінде қосылған құн салығы қай­тарылып, бюджетке 1,3 трлн теңге қосымша түсім түс­кен. Бұл ретте депутат ха­лықтың әл-ау­қатын арттыру Үкімет пен Пар­ламенттің ортақ міндеті екенін және бұл бағыт­тағы жұмысты алдағы уа­қытта да депутаттар бірлесіп ат­қаруға дайын екенін айтты. 

Талқылау қорытындысы бойынша парламентшілер Үкімет пен Жоғары аудиторлық палата­ның 2024 жылға арналған респуб­ликалық бюджеттің ат­қарылуы туралы есептерін бекіту туралы шешім қабылдады. Парламент мемлекеттік орган­дармен бір­лесіп, анықталған проблемаларды шешу бойынша ұсыныстар әзір­леп, Үкіметке жолдады.

 Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан Республикасының орнықты дамуы саласындағы ұлттық мақ­­­­саттар мен міндеттердің іске асы­рылуын мониторингілеу жө­­­­­­нін­­­дегі парламенттік ко­­мис­­сия­ның жаңар­тылған құ­рамы бе­кітілді. Оның құрамына бұ­рынғы депу­таттар Асқар Садықов пен Гауһар Танашеваның орнына Мәжіліс депутаттары Серік Еру­баев пен Ирина Смирнова кірді.