Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық эко­номикалық кеңес оты­­ры­­сына қатысты.
Еуразиялық кеңестегі жаңа белес
208
оқылды

Еуразиялық экономикалық одақ­қа мүше елдердің мемлекет­тер бас­шы­лары Тәуелсіздік са­райында ша­ғын құ­рамда бас қо­сып, эко­но­­­микалық ин­­тег­рацияны одан әрі дамыту перс­пективасын тал­қылады.

Жиынға Беларусь Президенті Алек­сандр Лукашенко, Армения Премьер-министрі Никол Па­шинян (бей­небайланыс арқылы), Қыр­ғыз­стан Президенті Садыр Жапаров, Ресей Президенті Вла­ди­мир Путин қа­тысты.

Одан кейін Мемлекет бас­шы­сы Жоғары Еуразиялық эко­но­микалық кеңес­тің кеңейтілген құ­рам­дағы оты­ры­сына қатысты.

Жиында Еуразиялық эко­но­ми­ка­лық одақтың негізгі серік­тес­терімен сауда-экономикалық ын­тымақтас­тық­ты дамытуға қа­тысты өзекті мә­се­лелері тал­қы­лан­ды. Сондай-ақ өнер­­­кәсіп, кө­лік және логистика, аг­рар­лық сек­­тор, цифрландыру және жа­сан­ды ин­теллект секілді басты ба­­ғыттар бойын­­ша өзара тиімді ық­­пал­дас­тық перс­­пек­тивасы қарас­­тырыл­ды.

Отырыста Иран Президенті Масуд Пезешкиан (бейнеүндеу фор­ма­тында), Куба Президенті Мигель Марио Диас-Канель Бермудес, Өз­бек­стан Пре­зи­денті Шавкат Мир­зиёев, Абу Дабидің Тақ мұрагері шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян, Моңғолия Премьер-ми­нист­рінің бірінші орын­басары Учрал Ням-Осорын сөз сөйледі.

Жиын соңында бірқатар құ­жат­қа, со­ның ішінде Моңғолия­мен сауда ке­­­лісіміне және Бірік­кен Араб Әмір­лік­терімен эко­­­но­ми­калық серіктестік жөніндегі ке­лі­сімге қол қойылды.

Келесі жылы Жоғары Еура­зия­лық экономикалық кеңеске Қа­зақстан Рес­пуб­ликасы төраға­лық етеді.