Бұл туралы ШҚО ПД хабарлады.
Сібе көлдерінде адасып кеткен бала табылды
Фото: Polisia.kz
580
оқылды

Шығыс Қазақстан облысында ШҚО ПД қызметкерлері Сібе көлдері маңындағы демалыс базасында жоғалып кеткен 8 жастағы баланы іздеп тапты.

Анасының айтуынша, баласы серуендеу кезінде көзден таса болған. Ата-анасы оны бірнеше сағат бойы өз бетінше іздеген, алайда нәтиже болмаған соң, жағалауды патрульдеп жүрген полицейлерден көмек сұраған.

Іздестіру жұмыстарына оқиға орнында кезекшілік атқарып жүрген барлық қызметкер дереу жұмылдырылды. Көп ұзамай баланы аға лейтенант Ерсін Сұлтанов тапты.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.