Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда коронавирус бойынша 17 наурыздағы сағ. 19.00-дегі жағдайды хабарлады.
"Коронавирус індетін жұқтырған тағы 1 адам Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді. Осы сағатта Алматы қаласында – 15 адам, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 18 адам, жалпы 33 науқас тіркелді", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында карантин режимі енгізілгенін хабарлаған болатынбыз.