Астанада тағы бір көше жабылды.
Астанада Амман көшесі уақытша жабылды
Фото: ашық ақпарат көзінен алынды
328
оқылды

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Амман көшесінде жөндеу жұмыстарын жүргізеді, – деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

Осыған байланысты, 29 маусым мен 4 шілде аралығында Амман көшесінің Ж.Тәшенов көшесімен қиылысынан Шарль де Голь қиылысына дейінгі аралығы ішінара жабық болады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.