Тараздықтар 5 бетпердеден артық сатып ала алмайды
Тараздықтар 5 бетпердеден артық сатып ала алмайды
95
оқылды
Тараз қаласындағы дәріханаларға Жамбыл ауданындағы «СуперФарм» кәсіпорнынан 30 мың дана бетперде жеткізіледі. Алайда әр адамға тек 5 бетпердеден сатылады. Бұл жайында облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұлов өңірлік коммуникациялар алаңында онлайн режимде өткен баспасөз мәслихатында баян етті. Дәл осы таңда облыс орталығында бетперде бағасы байлауға көнбей тұр. Ірі көлемде сатып алып қойған пысықайлар оны еселеген бағада саудалауда. Осыған орай басқарма басшысы облыс көлемінде арнайы мобильдік топ құрылғанын хабардар етті. Олар қаладағы дәріханалардағы бағаны бақылауға алмақ. Өңірдің бас дәрігері облыс көлемінде коронавируспен ауырған адамдар тіркелмегенін айтты. Алайда 11 адам карантинде жатыр. Және жуырда сырт мемлекеттен келе жатқан 2 азамат ұшақтан түсіріліп, карантинге алынған. Брифингте БАҚ өкілдері тарапынан зейнет жасындағы адамдарға дәрі-дәрмектер бойынша қандай жеңілдіктер қаралатындығы сұралды. Алайда Марат Жұманқұлов қазіргі таңда ешқандай жеңілдіктер қаралмайтындығын жеткізді. Бұдан бөлек, журналистер егер тұрғындар өз еркімен коронавирус дертіне қарсы тексеруден өткісі келсе, қайда барып жүгінуге болатындығына қатысты сауал қойды. Бас дәрігердің сөзіне сүйенсек, ондай тест орталығы Тараз қаласында жоқ екен. Ол үшін Алматы қаласына бару қажет.   Саятхан Сатылған, Жамбыл облысы