Оқиғаның мән-жайын анықтауға қатысты тергеу амалы жүргізіліп жатыр.
"Қазір ол жүкті": Шымкентте полиция басшысының орынбасары әріптесін зорлады деген күдікке ілінді
istockphoto.com
730
оқылды

Шымкент полициясында дау шықты. Қаладағы Еңбекші аудандық Полиция басқармасы бастығының орынбасары әріптесін зорлады деген күдікпен тергеліп жатыр, деп хабарлайды Аikyn.kz. Бұл туралы Kozachov offside Telegram арнасы жариялады. 

Оның айтуынша, майор Ерлан Жұмановтың үстіне шағымданған құқық қорғау органының қызметкері екен. Қазір оның жүкті екені анықталған.

Қылмыстық іс  Қылмыстық кодексnің 120-бабы бойынша тіркеліп, тергеуді Тұран ауданының Полиция басқармасы жүргізіп жатыр. Сараптамалар тағайындалған.

Полиция департаментінің мәліметінше, жәбірленуші мен күдікті бұрын жақын қарым-қатынаста болған.

«Әйел адамның шағымы негізінде қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайын анықтауға қатысты тергеу амалы жүргізіліп жатыр. Алдын ала дерек бойынша, жәбірленуші мен күдікті бұрын жақын қарым-қатынаста болған. Тергеу аяқталғаннан кейін заңға сәйкес шешім қабылданады»,   деп мәлімдеді Шымкент қалалық Полиция департаменті.

Айта кетерлігі, Ерлан Жұмановтың ішкі істер органдарында қызмет еткеніне 11 жылдан асқан.