«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша субсидияларды аудару қайта басталғаны туралы хабарлады.
Ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша субсидиялар қайта аударыла бастады
Фото: istockphoto.com
285
оқылды

«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» акционерлік қоғамы («Бәйтерек» ҰБХ еншілес ұйымы) екінші деңгейдегі банктер халыққа квазимемлекеттік сектор субъектілері арқылы берген ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялаудың қайта басталғаны туралы мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұған дейін республикалық бюджет тарапынан қаржыландырудың болмауы себебінен субсидиялау уақытша тоқтатылған болатын.

Республикалық бюджеттен қаражаттың түсуіне байланысты таяу уақытта қарыз алушылар бұрын өз бетінше төлеген сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігі өтелетін болады, – делінген компанияның ақпаратында.

Қосымша ақпарат алу үшін қарыз алушыларға екінші деңгейдегі қызмет көрсететін банкке жүгіну ұсынылады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.