33 жастағы ер адам 102 қызметінің қызметкерлеріне тапсырылды.
Астанада құтқарушылар 10-қабаттан секіріп кетпек болған ер адамды аман алып қалды
184
оқылды

112 пультіне елорданың Сарыарқа ауданында көппәтерлі тұрғын үйдің 10-қабатынан ер адам секірмек болғаны туралы хабарлама түскен, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Оқиға орнына жедел келген ТЖМ қызметкерлері пәтер ішінен кіріп, ер адамның назарын басқа жаққа аударып, жедел құтқару операциясын жүргізді.

Құтқарылған 33 жастағы ер адам 102 қызметінің қызметкерлеріне тапсырылды.