Сөйтіп, итті тордан шығаруға құтқарушылар шақырылды.
Петропавлда ит футбол қақпасының торына оратылып қалды
баспасөз орталығы
300
оқылды

Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары футбол алаңындағы қақпаның торына оратылып қалған итті құтқарды, – деп хабарлайды Aykin.kz cайты.

Оқиға бүгін, яғни 30 маусым күні Петропавлдағы Ибраев көшесінде орналасқан мектептің бірінде болған. Сондағысы ойын алаңында футбол қақпасының торына  оратылып, ішінен шыға алмай қалған. Сөйтіп, итті тордан шығаруға құтқарушылар шақырылды.

Олар арнайы жабдықты пайдаланып, ұстағыш таяқшамен итті қақпаннан тез босатып алды.

"Біз үшін әрбір өмір маңызды!" деген ұранмен құтқарушылар кез келген тірі жанға көмек беретінін айтты.