Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Мемлекет басшысы Конго президентіне құттықтау жолдады
329
оқылды

Мемлекет басшысы Конго Демократиялық Республикасының президентіне құттықтау жеделхатын жолдады,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Феликс-Антуан Чисекеди Чиломбоны Конго Демократиялық Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

– Бүгінде Конго өзінің іргетасын нығайтуда, азаматтарының ырыс-берекесін еселеуде, сондай-ақ халықаралық сахнадағы мерейін үстем етуде қомақты жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Осы тұста, Сіздің сындарлы саясатыңыз бен игі бастамаларыңыз мемлекетіңізді биік белестерге жетелей беруіне тілектеспін, – деп жазылған жеделхатта.