BI Group компаниясы дәрігерлер мен медициналық қызметкерлерді қолдау мақсатында 100 млн теңге бөлді.
"Еліміз үшін осындай қиын-қыстау кезеңінде ең ауыр да қауіпті жұмыс біздің дәрігерлерге жүктеліп отыр. Halyk Bank-тің бастамасын қолдап, екі астанадағы алдағы топта жүрген дәрігерлер мен медициналық қызметкерлерге BI Group командасы 100 млн теңге бөлгенін хабарлаймын. Қиындық туғанда біріге алатын қазақтың қанында ғой. Ортақтасып, күш салсақ, бұл дертті де жеңе аламыз деп ойлаймын! Сіздерге сенеміз, істеріңізге сәттілік, достар", - деп жазды Facebook-тегі парақшасында BI Group холдингі директорлар кеңесінің төрағасы Айдын Рақымбаев.