Елордада № 81 Astana English School мектебінде 900 миллионнан астам теңгенің жымқырылу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz
«Коттедж, 2 пәтер, көлік алған»: Astana English School мектебінің миллиард теңгесін басшылық басып қалған
istockphoto.com
317
оқылды

Қаржы мониторингі агенттігінің (ҚМА) елордалық департаменті Ұлттық қауіпсіздік департамент қызметкерлерімен бірлесіп, Астана қаласы әкімдігінің «№81 Astana English School Халықаралық мектебінің» КММ бюджет қаражатын ірі көлемде ұрлау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.

ҚМА баспасөз қызметінің мәліметінше, тергеу барысында оқу орнының бұрынғы директоры мен бас бухгалтері 900 миллион теңгеден астам ақшаны ұрлағаны анықталды.

Қаражаттың бір бөлігі ата-аналардан нөлдік оқу ақысы және жазғы лагерьге баруға деген сылтаумен қолма-қол алынған. Алайда ақша мектептің шотына түспеген. Керісінше, өзіне басып қалған.

Сонымен қатар жалған жұмысқа орналасу фактілері анықталған. Ұйымда жұмыс істемеген «жоқ адамдардың» шоттарына шамамен 16 млн теңге аударылған. Оның үстіне, өтірік жұмысқа тұрғандардың қатарында күдіктілердің туыстары бар болып шыққан.

Ұрланған қаражатқа күдіктілер 382 млн теңгені жұмсап, мүлік сатып алған. Олардың ішінде коттедж, Астанадан екі пәтер және автокөлік. Сот шешімі бойынша мүлікке тыйым салынды.