Ол бұл лауазымға Нұрлан Сауранбаевтың Көлік министрлігіне ауысуына байланысты тағайындалды.
ҚТЖ-ның жаңа басшысы – Даниал Ахметовтің күйеубаласы
1,841
оқылды

Ерлан Қойшыбаев уақытша «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы қызметін атқарып отыр. Ол бұл лауазымға Нұрлан Сауранбаевтың Көлік министрлігіне ауысуына байланысты тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

– Компанияның ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес, логистика жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары КТЖ басшысының міндетін уақытша атқарады, – деп нақтылады баспасөз қызметі.

Сондай-ақ Ерлан Қойшыбаевтың Шығыс Қазақстан облысының бұрынғы әкімі Даниал Ахметовтің күйеубаласы екені белгілі. Бұған байланысты аталған мекеме: 

«Ішкі нормативтік актілерге сәйкес, “Қазақстан темір жолы” ұлттық компаниясы” АҚ басқарма төрағасының логистика жөніндегі орынбасары Ерлан Қойшыбаев ҚТЖ басшысының міндетін уақытша атқарып отыр», – деп хабарлады ұлттық компанияның баспасөз қызметі.