Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.
«35 қабатты тұрғын үй кешенінде өрт болды»: ТЖМ ауқымды жаттығу өткізді
Фото: ашық ақпарат көзінен алынды
1,132
оқылды

Оқу-жаттығудың мақсаты:

  • жоғары қабатты ғимараттарда өрт туындаған кезде өрт-құтқару бөлімшелерінің өзара іс-қимыл алгоритмдері мен практикалық іс-қимылдарын пысықтау;
  • жоғарғы қабаттарға өрт сөндіргіш заттарды жіберудің техникалық мүмкіндіктерін бағалау;
  • өртке қарсы қорғау инженерлік жүйелері мен объект персоналының төтенше жағдай кезіндегі іс-қимылдарға дайындығын тексеру.

Оқу-жаттығу жоспарына сәйкес шартты өрт 35 қабатты тұрғын үй кешенінде болған.

«Жедел ден қою және төтенше жағдайды жою мақсатында әртүрлі тактикалық құралдар, соның ішінде өнімділігі жоғары сорғылары бар мамандандырылған автомобильдер, өрт мотоцикл экипаждары, сондай-ақ әуе күштері-өрт тікұшағы тартылды. Әрекет етудің негізгі құралдарының бірі ретінде авиацияны қолдануға ерекше назар аударылды. Әуе техникасын пайдалану жер үсті және әуе күштерінің өзара әрекеттесу мүмкіндіктерін бағалауға, сондай-ақ шартты оқиға орнында жедел басқарудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік берді, – делінген ТЖМ хабарламасында.

Кursiv.media-ның мәліметінше,  оқу-жаттығуға ТЖМ, ІІМ, коммуналдық қызметтер мен Алматы қаласының құтқару қызметі бөлімшелерінен 160-тан астам адам және 25 техника жұмылдырылған

Қазавиақұтқару ұшқыштары адамдарды жоғарғы қабаттардан эвакуациялау бойынша ең күрделі элементті пысықтаған. Аэровизуалды барлау үшін ұшқышсыз ұшу аппараттары, температуралық белсендірілген суды беруге арналған көпфункционалды машиналар, өнімділігі жоғары сорғы қондырғылары және т.б. қолданылған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.