Прокуратураның мәліметінше, соңғы үш жылда, яғни 2023-2025 жылдар аралығында Атырау облысының жекеменшік балабақшаларында 30-дай бала зардап шеккен, – деп хабарлайды Аikyn.kz.
Олардың ішінде:
2023 жылы – 12 жағдай,
2024 жылы – 11 оқиға,
2025 жылға – 7 жағдай тіркелген.
Осы үш жылда сотқа жеткені 7 іс қана. Қалғаны бәріне белгілі "негіз жоқ" деген сылтаумен істің басым бөлігі жабылған.
Айта кетейік, Білім басқармасының мәліметінше, Атырауда 178 мектепке дейінгі мекеме тіркелген. Оның ішінде жекеменшік балабақшаның тек 37-сінде лицензия бар. Қалғаны көлеңкелі бизнеспен айналысады. Дегенмен мектепке дейінгі мекемелерді лицензиялау 2027 жылы басталмақ.