Синоптиктер елімізде ыстық ауа райы мен қатты жаңбыр күтіледі деген болжам жасады.
Алдағы күндері  -47 градусқа дейін ыстық болады
Фото: iStock
451
оқылды

Республика аумағының басым бөлігінде ауа райына циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер әсер етеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz "Қазгидромет" болжамдарына сәйкес. Алдағы күндері жаңбыр, найзағай күтіледі.

4-5 шілдеде солтүстік-батыс, солтүстік және шығыс өңірлерде бұршақпен бірге қатты жаңбыр жаууы ықтимал. Тек республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Сонымен қатар, батыс және оңтүстік өңірлерде желдің күшеюі, шаңды дауылдар болуы мүмкін.

Елдің басым бөлігінде күндізгі уақытта ауа температурасы 35 градус аптап ыстыққа дейін көтеріледі. 4-5 шілдеде республиканың орталығы мен шығысында өте қатты ыстық – 40-42 градус күтіледі. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда 35-40 градусқа дейінгі қатты ыстық болжанады, жекелеген аудандарда өте қатты ыстық – 43-47 градусқа дейін жетуі мүмкін.

Алайда солтүстік өңірлердің тұрғындары босаңсымауы керек – аптап ыстықтың орнын күрт суыту басады. 5 шілдеде солтүстік және орталық аймақтарда күндіз ауа температурасы 18-25 градусқа дейін төмендейді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.