Бұған дейін теміржол бойындағы тұрғындар жақын аймаққа қоршау орнату қажеттігін көтерген екен.
Қарағанды теміржолындағы трагедия: пойыз қаққан 2 жасар нәресте көз жұмды
istockphoto.com
518
оқылды

Қайғылы оқиға 1 маусым күні болған. Қарағандыдағы Большая Михайловка теміржол стансасында пойыз астына 2 жасар бала түсіп кетті. Нәресте жедел түрде облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер екі аптадан бері оның өмірін сақтап қалуға бар күшін салғанымен, бүгін таңда нәресте ауыр жарақатының салдарынан көз жұмды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Еkaraganda.kz сілтеме жасап.

Оқиғаның мән-жайы, баланың теміржол бойына қалай келгені, неге қараусыз қалғаны белгісіз.

Әйтеуір, полиция «Қарағанды-Сортировочная» стансасындағы жағдай бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазір «Теміржол көлігін пайдалану немесе қозғалыс қауіпсіздігі ережелерін бұзу» бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Олар істің мән-жайын анықтап жатыр.

Белгілі болғандай, жүк пойызының машинисі теміржол бойында баланы көріп, шұғыл тежеу жүйесін іске қосқан. Алайда бала ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізілген.

Оқиға болған стансаның тұрғындары бұған дейін теміржол бойындағы үйлерге қоршау орнату қажеттігін көтерген екен.