Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың айтуынша, бұл бағыттағы қажетті бұйрыққа қол қойылып, электронды жүйеге кезең-кезеңімен көшу процесі басталып кеткен.
Елімізде еңбекке уақытша жарамсыздық қағазын онлайн алуға болады
346
оқылды

Қазақстан анықтама қағазын онлайнға ауыстыру бойынша озық елдердің қатарына енетін сияқты. Себебі енді еңбекке уақытша жарамсыздық туралы қағаз анықтама біртіндеп қолданыстан алынып тасталады. Оның орнына электронды форматтағы нұсқалар енгізілмек. Енді емханалар мен ауруханалардан берілетін бұл анықтамаларды медициналық ақпараттық жүйелер арқылы онлайн алуға мүмкіндік болады– деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың айтуынша, бұл бағыттағы қажетті бұйрыққа қол қойылып, электронды жүйеге кезең-кезеңімен көшу процесі басталып кеткен.

Қазіргі уақытта қағаз және электронды нұсқалар қатар қолданылып жатыр, алайда таяу уақытта барлығы толық цифрландырылмақ. Электронды "больничный" парақтарын қазірдің өзінде медициналық ақпараттық жүйелер арқылы алуға болады. Қағаз нұсқадан толық бас тартуға тек соңғы қадам қалды, – дейді салаға жауапты министр.