Барлық материал сот орындаушыға тапсырылды.
Астанада жүргізуші 220 миллион теңге айыппұл жинап алған
istockphoto.com
395
оқылды

Астанада патрульдік полицияның мамандандырылған батальонының қызметкерлері Tank маркалы автокөлікті тоқтатты. Ол әкімшілік айыппұлдың біразын төлемеген. Оның қарызы 220 миллион теңгеден асады, – деп хабарлайды Аykin.kz сайты.

Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға Бөгенбай батыр даңғылында болған.

– 40 жастағы Астана тұрғыны компания көлігін жүргізіп жүрген, өзі сол компанияның қызметкері екен. Полицияның мәліметінше, ер адам әрдайым жол ережесін бұзып отырған және оның айыппұлын төлеуден жалтарған, – деп хабарлайды қаланың Полиция департаменті.

Автокөлік мамандандырылған автотұраққа қойылды. Ал жүргізушіге қатысты атқарушылық іс жүргізіле басталды. Барлық материал сот орындаушыға тапсырылды. Енді олар қолданыстағы заңнамаға сәйкес берешекті өндіріп алумен айналысады.

Естеріңізге сала кетейік, Ақтөбе полицейлері екі ай ішінде жол ережесін 131 рет бұзған шетелдік есепке алынған автокөлік жүргізушісін ұстаған. Айыппұлдың жалпы сомасы – шамамен 3,5 миллион теңге. Ал көліктің өзі айыппұл тұрағына қойылды.