Қазақстан Конституциясының 30 жылдығына орай рақымшылық жасау туралы заңы аясында алғашқы сотталушы бостандыққа шықты.
Сотталған үш жүз адам биыл рақымшылыққа ілігеді
402
оқылды

Бұл хабарды Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті айтты– деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Комитеттің дерегінше, рақымшылық заңын алғаш болып пайдаланған азамат Қостанай облысынан. Айта кеткен жөн, биылғы мерейтойлық жыл аясында барлығы 300-ге жуық сотталған адамға кешірім беру көзделіп отыр.

– Ер адам ұрлық жасағаны үшін жазасын өтеп жатқан, бұған дейін сотталмаған. Оны үйінде үш баласы мен жұбайы күтіп отыр. Қостанай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты мекемелерде шамамен 2000 адам жазасын өтеп жатыр. Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай, 300 сотталған адамға рақымшылық қарастырылған. Бүгін осы заңға сәйкес, алғашқы сотталғандар бостандыққа шықты. Бұл жазасын өтеушілердің өміріндегі маңызды кезең, жаңа өмірді таза парақтан бастауға, қоғамға толыққанды оралуға мүмкіндік береді, – делінген хабарламада.