Медициналық маскаларды алып-сатумен айналысқандарға қатаң жаза белгіленеді, - деп мәлімдеді Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов «Еуразия Бірінші» арнасының «Basty Prime» бағдарламасында.
«Бүгін мемлекеттік комиссия маска алыпсатарлығына жауапкершілікті қатаңдату туралы шешім қабылдады, оның ішінде интернет арқылы сатқаны үшін де. Қазіргі уақытта оларды анықтау (маска алыпсатарларын) жұмыстары жүргізіліп жатыр. Таяу күндері тіркейміз деп ойлаймын. Себебі комиссияда өмірлік маңызы бар тауарлардың шекті бағасын белгілеу құзіреті бар. Дүрбелең болмауы үшін қара нарықта екі есе қымбат тұратын маскаларды өз құнынан төмен бағаға сатуға мәжбүрлей алмаймыз. Сондықтан біз бірыңғай әділ баға белгілейміз. Бірақ, кез келген алыпсатарлық қатаң жазаланады, үлкен айыппұлдан бастап қылмыстық жауапкершілікке дейін бар. Біз мұндай ұсынысты енгіздік. Қазіргі уақытта Үкімет мұны заңгерлермен бірлесіп қарастырып жатыр»,- деді министр.
Оның айтуынша, мұндай шараларды әлемнің көптеген елдері енгізген.
«Бұл шаралар бізге де қажет. Мұны біздің азаматтарымыз түсінеді деп ойлаймын», - деп қорытындылады сөзін Біртанов.