Әртүрлі дереккөздерге сүйенген әлеуметтік желідегі блогерлер алдағы уақытта пәтер мен көлік бағасының арзандайтынын жарыса жазып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
"Инсайдерлік ақпарат көздері күзге таман үй бағасы мен көлік бағасы құлайтынын айтып жатыр. Көлік бағасы қазірдің өзінде құлап қалды", – деп жазды блогер Оңғар Қабден.
Тағы бір әлеуметтік желідегі белсенді Тортуыл Шоқан да осы ақпаратты салып отыр.
"Кобальт көлігі бағасы соңғы екі аптада 2 млн-ға төмендеді.
Қытай көліктерін алушылар да аз. Себеп: сапада.
Алғаш алғандар салған видеолардан біраз адам ойланған сыңайлы.
Тойота, Киа, Хёнде бағаны ұстап тұр. Киа К5 бағасын 17.9 млн-нан түсірмеген.
Тойота Камри 80 оригиналын көрдім. Бағасы 24 млн. Қытайдікі 2.0 14-15 млн.
Көлік әкеліп алуда ең тиімді ел Мұңғылия мен О. Корея. Дубайда да сауда жоқ. Өйткені, логистика нашарлаған.
Қысқасы, бар көліктеріңді айдап жүре тұрыңдар. Күзде көлік ваще "тегін" болады, аласыңдар сол кезде", – деп жазды ол.