Ол бала кезінен спортпен айналысатынын атап өтті.
«6 айда 35 келі салмақ тастадым»: Кенжебек Жанәбілов құпиясын айтты (видео)
Фото: YouTube
1,805
оқылды

Әнші Кенжебек Жанәбілов "1001 түн" бағдарламасына сұхбат берді, – деп жазды Aikyn.kz. 

Ол бала кезінен спортпен шұғылданатынын атап өтті. Мектеп қабырғасында жүргенде спортпен айналысып, артық салмақтан арылғанын айтты.

"Мектепте салмағым үлкен болатын. Содан алты айдың ішінде 35-40 келі салмақ тастадым. Үш мезгіл спортпен айналыстым. Сол кезде мектептегілер мені танымай қалған. Артық салмақ адамға басқаша түр береді екен. Егер өнерге келмегенде, спорттың бір бұрышында жүрер едім. Спортты жақсы көремін. Спортпен қазіргі уақытта айналысамын. Бассейнге барамын. Бокспен бір жарым жыл айналыстым. Спорт денсаулық үшін керек", – деді Кенжебек Жанәбілов.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Кенжебек Тұрсынбайұлы (@kenzhebekmuzart)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.