Алаяқтық үшін күдікті Біріккен Араб Әмірліктерінен экстрадицияланды.
Азаматтарды алдап, Wildberries компаниясына инвестиция салуға тартқан күдікті шетелде ұсталды
Фото: iStock
260
оқылды

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы және Ішкі істер министрлігінің Интерпол қызметкерлері Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшілігінің көмегімен Дубай қаласынан алаяқтық үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Қазақстан азаматын экстрадициялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Бас прокуратура баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол 2022-2023 жылдар аралығында Алматы қаласында  Wildberries  компаниясына инвестиция салу сылтауымен және сыйақы уәде етіп, алты азаматты алдап, олардың ақшалай қаражатын иемденген. Салдарынан жәбірленушілерге ірі мөлшерде материалдық залал келтірілген.

Қылмыстарды жасағаннан кейін күдікті бой тасалап, екі жыл бойы халықаралық іздеуде болған.

Ол биыл сәуірде Біріккен Араб Әмірліктерінің аумағында ұсталып, Бас прокуратураның сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды.

Айыпталған қылмыстарды жасағаны үшін мүлкін тәркілеп, 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.