Атырау қаласындағы Геолог ауылында екі күн ішінде екі жасөспірім өз-өзіне қол жұмсады.
Атырауда екі жасөспірім өз-өзіне қол жұмсады
2,353
оқылды

Алғашқы оқиға 2 шілде күні тіркелді. 2010 жылы туған ер бала өз үйінің ауласындағы сарайда асылып қалған күйінде табылды.

Келесі күні 3 шілдеде, тағы бір жасөспірім – 2009 жылы туған қыз баланың мәйіті тұрғын үйдің 2-қабатынан табылған.

Қазіргі уақытта марқұмдардың денесіне сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр. Өз-өзіне қол жұмсау себептері әзірге анықталмаған.

2025 жылдың қаңтар айынан бері Қазақстанда 234 адам суицид жасаған (оның ішінде 13-і кәмелетке толмағандар). 

Баян ЖАНҰЗАҚОВА,  Атырау облысы