Бұл әрекет қазіргі заң бойынша «ұсақ бұзақылық» ретінде бағаланады.
«Дұрыс болмады»: өзінен 16 жас кіші әйелін құттықтаған Абай Бегейдің басы дауға қалды
26,979
оқылды

Эстрада жұлдызы, әнші Абай Бегей Ақтауда әйелі Фаризаның туған күнін дүркіретіп атап өтіп, басы тағы бір дауға ілікті. Түн ішінде болған  отшашу көршілердің мазасын алып, көптің наразылығын тудырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Түнде тыныштықты бұзды

Әншінің әйелі Фариза әлеуметтік желіде туған күнін атап өтіп жатқан сәттен видео жариялап, сол сәтте аспанға атылған салют елдің наразылығын тудырған. Тұрғындардың бірі желіде:

«Туған күн құтты болсын! Бірақ түнгі 00:00-де қатты музыка қойып, салют атқаныңыз дұрыс болмады. Балам шошып, бір сағат жылады. Біз сіздің дәл қасыңыздағы көршіміз», — деп жазды.

Заңда не дейді?

Қазіргі заңнамада мұндай әрекет үшін әкімшілік жаза көзделген. 2025 жылдың 10 қаңтарынан бастап күшіне енген жаңа өзгерістер бойынша, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабында («Ұсақ бұзақылық») 20 АЕК мөлшерінде айыппұл, 5-тен 15 тәулікке дейін қамауға алу немесе 20-дан 60 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа тарту түріндегі жаза қарастырылған. Егер құқықбұзушылық бір жыл ішінде қайталанса, жаза мерзімі де артады.