Қазақстандық боксшы Санжар Тәшкенбай Астанада өтіп жатқан әлем кубогы кезеңінің алтын медалі үшін бақ сынайды, – деп хабарлайды Аikyn.kz
Жерлесіміз 50 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетуде.
Жартылай финалда Санжар Тәшкенбай Әзербайжан өкілі Субхан Мамедовты төрешілердің бірауызды шешімімен жеңді.
Айта кетейік, бұған дейін Назым Қызайбай (48 келіге дейін), Виктория Графеева (60 келіге дейін), Наталья Богданова (70 келіге дейін), Нұрбек Оралбай (80 келіге дейін), Елдана Тәліпова (80 келіден жоғары), Бекзад Нұрдәулетов, Нұрбек Оралбай (85 келіге дейін) финалға өткен еді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз