Сайлауалды кампания кезінде Трамп бұл қақтығысты бір күнде тоқтатамын деп уәде еткен. Алайда кейін бұл мәлімдемесін "асыра сілтеу" деп атады.
«Білмеймін!»: Трамп Украинадағы соғысты тоқтата алатынына күмәнмен қарады
1,439
оқылды

АҚШ президенті Дональд Трамп Украина мен Ресей арасындағы соғысты тоқтатуға қатысты сенімді емес екенін мәлімдеді, – деп хабарлайды Аikyn.kz

Politico  мәліметінше, "Білмеймін. Бұл мүмкін бола ма, айта алмаймын", – деді ол журналистерге Air Force One бортында.

Сайлауалды кампания кезінде Трамп бұл қақтығысты бір күнде тоқтатамын деп уәде еткен. Алайда кейін бұл мәлімдемесін "асыра сілтеу" деп атады.

Апта ішінде Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен және Украина президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті. Путинмен келіссөз нәтижесіз аяқталғанын айтса, Зеленскиймен "өте маңызды және нәтижелі" сөйлескенін жеткізді. Әңгімеде Украинаға әуе шабуылынан қорғаныс, бірлескен өндіріс және инвестиция тақырыптары қозғалған.

Пентагон осы аптада Украинаға қару жеткізуді уақытша тоқтатқанын хабарлады. Трамп бұл мәліметті нақтыламады, бірақ "көмек көрсетіліп жатыр", – деді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз