5-6 шілдеде «Астана Балет» театрында Carmina Burana балет-кантатасының премьерасы өтті. Сахнада алғаш рет хор, симфониялық оркестр мен балет труппасы бірлесіп өнер көрсетті.
"Астана Балет" театр маусымын жапты
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
625
оқылды

 Carmina Burana  балеті – адам баласының болмысы, жан арпалысы мен азабы, адамның кұдірет-күшімен үзілмес байланысы туралы ой-толғау. Балет сахнасында материалдық және рухани, жасампаз және қиратушы күш текетіресі көрсетілді. Мұның бәрі – Фортуна дөңгелегінің үздіксіз қозғалысы, жалындаған өмір мен жанның реинкарнациясы жайлы баяндайды.

Экспрессионист композитор Карл Орф жазған  Carmina Burana  мистикалық, баурап алатын туындысы философиялық әрі эмоционалды балеттің негізіне алынды. Бұл – ХХ ғасырдың ең жұмбақ әрі таңғажайып қуаты бар туындыларының бірі. Қазіргі мәдениетте ол классика мен танымал музыка арасында ерекше орын алады.

 
Спектакльде әртістер классикалық хореографиядан еркін пластика мен contemporary элементтері бар биге ауысады. Жаңа хореографиялық туындыны жасауға дарынды өнер қайраткерлері атсалысты.
 
 Carmina Burana  балетінің премьерасы нағыз сахналық ғажайыпқа айналды. Алғаш рет хор, оркестр және балет өнер кеңістігінде бірігіп, музыкалық екпіннен пластикалық қимылға дейінгі әрбір элемент асқан шеберлікпен орындалды. Театр әртістері өміршең шығарманың терең мағынасын ашып, көрерменге ерекше әсер сыйлады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.