Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2023 жылғы маусымнан бері Қазақстанда «Стоп-кредит» сервисі қолданыста бар екенін еске салады.
Несие ресімдеуден ерікті түрде қалай бас тартуға болады?
Фото: iStock
596
оқылды

Бұл қызмет азаматтарға банктер мен микроқаржы ұйымдарынан кредит алуға тыйым салу мүмкіндігін береді, – деп хабарлайды  Aikyn.kz. Қызмет қарыз қаражатына қолжетімділікті шектеп, азаматтың келісімінсіз кредит ресімдеудің алдын алуға бағытталған.

Ерікті түрде бас тарту туралы өтініш бергеннен кейін бұл ақпарат кредиттік бюроларға автоматты түрде жіберіледі. Қаржы ұйымдары кредиттік есепті сұратқан кезде қойылған шектеуді көріп, кредит ресімдей алмайды.

«Стоп-кредит» сервисін онлайн қосуға болады:

  • e-Gov порталы немесе мобильді қосымшасы арқылы жүйеге кіріңіз;
  • «Банктік қарыздар мен микрокредиттерді алудан ерікті түрде бас тарту» қызметін таңдаңыз;
  • өтініш формасын толтырып, ЭЦҚ арқылы қол қойыңыз;
  • нәтижесі туралы хабарлама алыңыз.

Қызмет мерзімсіз әрекет етеді және азамат шектеуді өзі алып тастағанға дейін күшінде болады. Шектеуді алып тастау – сол тәртіппен, eGov арқылы жаңа электронды  өтініш беру арқылы жүзеге асырылады.

Маңызды: бұл шектеу ломбардтар мен кредиттік бюро деректерін пайдаланбайтын ұйымдарға қолданылмайды.

Агенттік азаматтарды кредит мәселесіне жауапкершілікпен қарауға, жеке деректерін қорғауға және қолжетімді қаржылық қауіпсіздік шараларын пайдалануға шақырады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.