2025 жылдың басынан бері «AMANAT» партиясының өңірлік қоғамдық қабылдау бөліміне 3,5 мыңнан астам өтініш түсті. Жергілікті билік пен депутаттардың бірлесе атқарған жұмысының нәтижесінде олардың жартысына жуығы оң шешімін таты.
"Арманым – баспаналы болу": депутаттың қолдауымен Новомихайловка ауылының жас агрономы үйлі болды
902
оқылды

 

Мамлют ауданының Новомихайловка ауылы өздерінің жас мамандарына қолдау көрсетіп, үй тұрғызып берді,  –  деп хабарлайды Аikyn.kz сайты.  

Ал мұндай қадам ауылда жастардың қалуына бірден-бір себеп. Соның бірі – Мамлют ауданының Новомихайловка ауылы. Оларға жайлы жастарға өмір сүруге мүмкіндік жасап, қолдау көрсетуде. 

Мысалы, Артур Байдель Полтавка ауылында дүниеге келген. 2012 жылдан бері Новомихайловкада тұрып келеді. Ауыл шаруашылығына бала кезінен қызыққан ол бүгінде жас маман. 2023 жылы агроном мамандығы бойынша жоғары оқу орнын үздік аяқтаған соң, «Новомихайловское – 2003» ЖШС-на тұрақты жұмысқа орналасып, бір жылдың ішінде бас агроном лауазымына дейін көтерілді. 

Артур қазір ата-анасымен бірге тұрады. Бірақ болашаққа сенімді қадам жасау үшін өз баспанасының болуы өте маңызды екенін түсінеді. Сондықтан ол аудандық мәслихат депутаты әрі өзі қызмет атқаратын шаруашылықтың басшысы Вячеслав Щеголевтің көмегіне жүгінді. 

Депутат жас маманның өтінішін қабылдап, бұл мәселені «Новомихайловское – 2003» серіктестігінің құрылтайшылар жиналысына шығарды. Нәтижесінде, Артурға үй салу туралы шешім қабылданып, 2024 жылы жеке тұрғын үй үшін жер телімі рәсімделді. 2025 жылдың көктемінде құрылыс жұмысы басталады. Осы бастамамен қатар, тағы бір жас инженерге де дәл осындай үй салу жоспарланды. Әр үйдің құрылыс жұмыстарына 50 миллион теңге бөлінді. 

«Өз туған жерімде еңбек етіп, ауыл шаруашылығын дамытуға үлес қосқым келеді. Осы ауылда ұзақ жылдар бойы тұрып, отбасымды құрып, елге пайда әкелуді мақсат етіп отырмын. Ал үшінші мәселе – баспаналы болуым», – деп бөлісті Артур Байдель. 

Вячеслав Щеголевтің пікірінше, жастарға қолайлы жағдай жасау – ауылдың болашағына салынған нақты инвестиция. 

«Жастардың ауылда қалып, ауыл шаруашылығын дамытуын қаласақ, оларды қолдап, тұрмыс жағдай жақсартуымыз керек. Жас мамандарды үймен, тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз ету – біздің басты міндетіміз», – деді депутат. 

Артурдың оқиғасы – «AMANAT» партиясының өңірлік қоғамдық қабылдау бөліміне түскен өтініштерге көрсетілген нақты көмектің бір мысалы. 2025 жылдың басынан бері бұл бөлімге 3,5 мыңнан астам өтініш түсті. Жергілікті билік пен депутаттардың бірлесе атқарған жұмысының нәтижесінде олардың жартысына жуығы оң шешімін тапты.