Тамыз айында Конституция күні 30 тамызда аталып өтеді.
Қазақстан халқы тамыз айында қанша күн демалады?
Фото: istockphoto.com
847
оқылды

Тамыз айында 10 демалыс күні бар, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Тамыз айында Конституция күні 30 тамызда аталып өтеді. Бұл – мемлекеттік мереке. Биыл 30 тамыз сенбіге түседі. Сондықтан Қазақстан халқы дүйсенбі, 1 қыркүйекте демалады.

Осылайша, Конституция күні бес күндік жұмыс аптасындағылар үшін 30, 31 тамыз және 1 қыркүйек демалыс күні болады.

Ал алты күндік жұмыс аптасындағыларға 30 және 31 тамыз демалыс күндері, 1 қыркүйек – жұмыс күні.

Сонымен, тамызда бес күндік жұмыс аптасындағылар үшін 21 жұмыс күні және 10 демалыс күні бар. Ал алты күндік жұмыс аптасындағыларда – 25 жұмыс күні және 6 демалыс күні.

Сонымен қатар осы айда кәсіби және басқа да мерекелер бар. Жұмыс күндеріне қарамастан, атап өтіледі. 

3 тамыз (тамыздың бірінші жексенбісі) - Көлік қызметкерлері күні 

3 тамыз - Теміржол көлігі қызметкерлері күні 

10 тамыз - Абай күні 

10 тамыз (тамыздың екінші жексенбісі) - Құрылысшылар күні 

18 тамыз - Шекарашылар күні 

18 тамыз - Спорт күні 

29 тамыз - Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күні 

31 тамыз (тамыздың соңғы жексенбісі) – Шахтерлер күні

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.