Британиялық Rho Motion зерттеу компаниясының мәліметінше, биылғы алғашқы алты айда электромобильдердің жаһандық сатылымы былтырғы сәйкес кезеңмен салыс­тырғанда 28 пайызға өсіп, 9,1 миллионға жетті.
Жасыл көлікке жаһандық сұраныс
4,736
оқылды

Маусым айында электромобильдердің сатылымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24 пайызға артып, 1,8 миллион данаға жеткені атап өтілді.

Бұл тұрғыда Қытай сөзсіз көшбасшы. Дүние­жүзінде сатылған көліктердің 5,5 миллионы Қытайға тиесілі. Еуропада 2025 жылдың қаңтар-маусым айларында электромобильдердің сатылымы 26%-ға өсіп, 2 миллион дана болды. Солтүстік Америкада (АҚШ, Канада, Мексика) соңғы алты айда сатылым 3%-ға төмендеп, тек 900 мың электромобиль сатылды. Қалған елдерде сату көлемі 40%-ға өсіп, 700 мың электромобиль сатылды.