Құтқарушылар судағы көлікті сүңгуірмен іздеген.
Өзенге түсіп кеткен көлік құтқарылды
Фото: gov.kz
3,399
оқылды

Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары Есіл өзеніне түсіп кеткен көлікті алып шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ақмола облысы Жақсы ауданы Алғабас ауылының маңында Есіл өзенінде көліктің суға батып кеткені туралы хабар келіп түсті. Белгілі болғандай, көліктің қол тежегіші іске қосылмағандықтан, көлік өздігінен жүріп кеткен.  

Оқиға орнына құтқарушылар жедел жетіп, суға батқан көлікті сүңгуір тауып алды. Көлікті шаруа қожалығының техникасына тіркеп, өзеннен шығарып, иесіне тапсырды.

ТЖМ азаматтарды көлікті дұрыс пайдаланып, абай болуға шақырады, - делінген хабарламада. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.