Әкімнің айтуынша, қазіргі таңда тиісті құқық қорғау органдары оқиғаға байланысты жедел шаралар қабылдап жатыр.
«Ешқандай кешірім жоқ»: Жамбыл облысының әкімі Мойынқұмдағы атысқа қатысты пікір білдірді
Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми сайтынан
4,121
оқылды

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Мойынқұм ауданында болған атыс оқиғасына байланысты үндеу жасап, жастарды тәртіпке, сабыр мен өзара сыйластыққа шақырды. Бұл туралы әкім өзінің әлеуметтік желідегі парағына жазды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Әкімнің айтуынша, қазіргі таңда тиісті құқық қорғау органдары оқиғаға байланысты жедел шаралар қабылдап жатыр.

«Бұл істе ешқандай кешірім болмайды – күдіктілер заң аясында жауапқа тартылады. Жастар – ел болашағы. Сондықтан тәртіп пен заңды сақтау, адамгершілік пен жауапкершілікті сезіну – әрбір жастың борышы. Қоғамдағы тыныштық пен бейбіт өмір – өзара құрмет пен мейірімнен басталады. Барша жастарды тәртіпті болуға, бір-біріне сыйластықпен, түсіністікпен қарауға, арандатушылықтан аулақ болуға шақырамын», – деп жазды Ербол Қарашөкеев.

Еске сала кетейік, 29 шілде күні кешкі сағат 21:30 шамасында Жамбыл облысына қарасты Мойынқұм ауылында атыс болған. Оқиға салдарынан төрт ер адам түрлі дене жарақатымен аудандық ауруханаға жеткізілген. Алдын ала мәлімет бойынша, жарақаттар травматикалық қарудан келген.

Қазіргі таңда полиция қызметкерлері күдікті ретінде төрт азаматты ұстаған. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.