Әлеуметтік желі қолданушылары бейнебаянға ерекше баға беріп, тамсанған пікірлер қалдырып жатыр.
Димаш Құдайбергеннің қарындасы Раушанның тойдағы Love Story видеосы желіні жаулап алды
12,425
оқылды

Әлеуметтік желілерде Димаш Құдайбергеннің қарындасы Раушанның той алдындағы Love Story видеосы кеңінен таралып, жұрттың жүрегін жаулап алды. Ұлттық нақышта түсірілген бейнероликте қазақы дәстүр мен заманауи романтика шебер үйлесіп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Киіз үй, домбыра, ұлттық киімдер мен салт-дәстүрге тән көріністер  бәрі бейнебаянның көркемдік мазмұнын байытып, әсерлі атмосфера тудырған. Видеоның әр сәтінен қазақы рух пен эстетика сезіледі.

Әлеуметтік желі қолданушылары бейнебаянға ерекше баға беріп, тамсанған пікірлер қалдырып жатыр:

 “Нағыз қазақтың қызына лайық көрініс!”,
 “Мұндай қазақи романтика бұрын-соңды болмаған”,
 “Раушан да, видео да – көздің жауын алады”, – деп тамсанып жатыр.

Бұл Love Story  жай ғана екі жастың махаббат хикаясы емес, ұлттық болмысты жаңаша қырынан көрсеткен ерекше өнер туындысы. Бейнебаян арқылы дәстүр мен сезім үндестігі, ұлттық мәдениеттің нәзік иірімдері көркем тілмен өрілген.