Халықаралық энергетикалық агенттіктің (ХЭА) жаңартылған мәліметтеріне сәйкес, 2024 жылы әлемдік көмір өндіру 9,15 миллиард тоннаға жеткен. Бүгінде Дүниежүзілік банктің болжамы бойынша 2025 жылы тоннасына $100 (аустралиялық көмір) дейін 27%-ға, ал 2026 жылы тоннасына $95 дейін тағы 5%-ға төмендейді деп күтілуде.
Көмір еліміздегі энергияның негізгі көзі болып қала бермек
387
оқылды

 

Қазақстан әлемдік көмір нарығындағы негізгі ойыншылардың бірі ретіндегі өз орнын сақтап келеді. Десе де ел ішіндегі сұраныстың маусымға қарай ауытқуы мен логистикалық шектеулері де әсер етуде. Бұл туралы «Каспий» тауар биржасы» АҚ аналитикалық есебінде ұсынған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Осы орайда Қазақстан негізгі өндірушілердің бірі ретіндегі позициясын сақтап қалды. Осылайша, еліміз көмірдің ең көп дәлелденген қорына ие, яғни 25-тен 33 миллиард тоннаға дейінгі елдердің ондығына кіреді. Бұл бізге 200-300 жылға жететін көмір қорын қамтамасыз етеді.

 Бүгінде коммуналдық-тұрмыстық көмірдің биржалық саудасы баға белгілеудің ашықтығын, жеткізілудің тұрақтылығын қамтамасыз ете отырып, арадағы делдалдар санын азайтуда маңызы зор. Талдауымыз көрсеткендей, мұндай тетіктер сапаны бақылау және манипуляциялардың алдын алу арқылы бағаның әділ қалыптасуына ықпал етеді, ал болашақта олардың нарықты реттеу құралы ретіндегі маңызы арта түседі. Қысқа мерзімді және орта мерзімді перспективада көмір біздің еліміз үшін басым рөлді сақтап қалады және Қазақстанда энергияның негізгі көзі болып қала береді, – деді «Каспий» тауар биржасы» АҚ президенті Мұрат Қадисов.

 

 

Айтар болсақ, көмір Қазақстандағы отынның негізгі түрі. Бұл дегеніміз  бастапқы энергияны тұтыну құрылымында шамамен 50 пайызы. Сонымен қатар, көмір жылу энергиясының негізгі көзі, оның үлесі 80%. Көмір саласының Қазақстанның ЖІӨ-ге қосқан үлесі орта есеппен 0,7%-дан 1,1%-ға дейін. Жұмыспен қамтудағы көмір секторының тікелей үлесі аз, шамамен 0,5%. Көмір өндірумен негізінен айналысатын  Қарағанды және Павлодар облыстарында экономикалық маңызы анағұрлым айқын байқалады.

2024 жылы қыркүйекте елде көмір өндіру үшін тас көмірдің орташа құны тоннасына 17 676 теңгеге жеткен. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,8%-ға жоғары екенін көрсетті.  2025 жылдың бірінші жартыжылдығында көмірге ең жоғары сұраныс 1 095 280 тоннаға жетті, ұсыныс — 543 мың тоннадан астам, ал жасалған мәмілелер көлемі 290 мың тоннадан асқан.