14 тамыз күні түнгі сағат 03:19-да Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы Тәуке хан даңғылы №3 мекенжайында орналасқан әкімшілік ғимаратта өрт шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің ресми парақшасына сілтеме жасап.
Ғимараттың шатыры жанып, өрттің жалпы көлемі 1200 шаршы метрді құраған.
Өрт сағат 04:58-де оқшауланып, 05:27-де толығымен сөндірілді.
Өртте зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.
Өртті сөндіруге Шымкент қаласы ТЖД-ның 21 техникасы және 88 қызметкері, Апаттар медицинасы орталығынан 1 техника мен 3 маман, жергілікті атқарушы органнан 2 техника мен 2 қызметкер жұмылдырылды, – делінген Департаменттің хабарламасында.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.