Шымкентте міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі тиімді іске асып, тұрғындардың сапалы медициналық көмекке қолжетімділігі айтарлықтай артты. Соңғы жылдары қаладағы денсаулық сақтау ұйымдары заманауи медициналық жабдықтармен қамтылып, жоғары технологиялық оталар саны көбейді.
Сақтандыру – сапалы ем кепілі
4,801
оқылды

Бұл – мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдаудың және медициналық сақтандыру жүйесінің артықшылықтарының айқын дәлелі. Жуырда өткен баспасөз туры аясында БАҚ өкілдері №1 қалалық клиникалық аурухананың жұмысы және МӘМС шеңберінде енгізілген жаңашылдықтармен танысты.

Аталған аурухана Шымкент қа­ласы мен оған жақын аудан тұр­ғындарына тәулік бойы ма­ман­дандырылған, жоспарлы жә­не шұғыл медициналық кө­мек көрсетеді. 530 төсек-орынға лайықталған мекемеде тәжі­ри­белі дәрігерлер – доценттер, ме­­дицина ғылымдарының кан­ди­­даттары, жоғары және бірінші са­­натты мамандар қызмет етеді. Мұн­да заманауи диагнос­ти­ка­лық және емдеу құрылғылары, соның ішінде Arkau innovation ан­гиографиялық аппараты ор­на­тылған. Бұл жабдық ауру­лар­ды ерте анықтап, жоғары дәл­дік­тегі араласу жасауға мүм­­­­кіндік береді. Аурухана базасында жүкті және босанған әйелдерге арналған ма­мандандырылған хирургия­лық орталық жұмыс істейді. Со­­нымен қатар мұнда күрделі ме­дициналық араласулар – пан­к­реатодуо­де­наль­ды резек­ция­лар, бауыр мен өт жолдарына, ас­қазан-ішек жүйе­сіне, жамбас буындары мен сүйек­теріне жасалатын оталар сәтті орындалуда.

Ең ірі жаңалықтардың бірі – Philips Azurion 7 B20 ан­гиог­ра­­фия­лық жүйесімен жабдық­тал­ған операциялық блоктың ашылуы. Бұл жүйе ми тамыр­ла­ры­на, инсульт кезінде шұғыл араласуға және нейрохирур­гия­лық оталарға жоғары дәлдік бе­­­­­реді. Жабдықтың құны  995 млн теңгеден асады, алайда ол МӘМС аясында тұрғындарға те­­гін қызмет көрсетуге мүм­кін­дік береді. МӘМС жүйесінің ар­­қасында аурухана базасында 100-ге жуық буын эндопротездеу операциясы тегін жасалған. Әр ота­ның нарықтағы бағасы ша­ма­мен 1,5 млн теңге болса да, тұр­­ғындар бұл көмекті сақтан­дыру есебінен алған. Эндоп­ро­тез­дер АҚШ-та өндірілген, са­па­сы жоғары медициналық өнімдер.

Аурухана бүйрек пен бауыр трансп­лантациясы бойынша да республикада алдыңғы қатарда. Бү­гінге дейін 237 бүйрек және 32 бауыр трансплантациясы жаса­лып, барлығы сәтті өткен. Бұл нау­қастардың өмір сапасын тү­бе­гейлі жақсартып, екінші мүм­кін­дік сыйлады.

Қазір бүйрек пен бауырда жи­налған тастарды хирургиялық ара­ласусыз алу мүмкіндігі бар. Мұн­дай процедуралар жоғары дәл­­­­­діктегі литотриптор ап­па­ра­ты арқылы жасалады. Ол тастың тығыздығы мен көлеміне қарай (1500–1800 HU және 1,5–2 см) тиім­ді жұмыс істейді. Бұл жаб­дық­тың ерекшелігі – елімізде тек осы ауруханада  қолжетімді бол­уы. Сондықтан ем алуға Шым­­­кентпен қатар, Тараз, Қы­зыл­орда, Алматы, Астана, Қос­танай, Көкшетау өңірлерінен де науқастар келеді.

Шымкент қалалық Денсау­лық сақтау басқармасы басшы­сы­ның орынбасары Бақытжан Аб­дуллаевтың айтуынша, мін­дет­ті әлеуметтік медициналық сақ­тандыру жүйесі халықтың са­палы емге қолжетімділігін арт­тырды. Бұрын миллиондап ба­ғаланатын күрделі оталар бү­гінде сақтандыру аясында тегін жа­салуда. «МӘМС – тұрғын­дар­дың денсаулығын сақтаудағы се­німді қорған. Жаңа техно­ло­гия­лар мен жоғары білікті ма­ман­дардың арқасында біз көп­теген ауыр дертті дер кезінде анық­тап, тиімді емдеу мүмкін­ді­гі­не ие болдық», – дейді ол. Шым­кенттегі №1 қалалық кли­ни­калық аурухана – заманауи жаб­дықтар мен білікті мамандар шо­ғырланған орталық. МӘМС ая­сында мұнда тегін көрсетілетін жо­ғары технологиялық қыз­мет­тер тұрғындарға тек денсаулығын қалпына келтіруге  емес, өмір са­­­­пасын жақсартуға да мүмкін­дік беріп отыр.

Назгүл НАЗАРБЕК,

Шымкент қаласы