Ол Instagram-дағы жазбасында Жанқош Тұраровтан жеті жыл бойы қорлық көргенін мәлімдеді.
"Әке, мені қорғаңызшы": Жанқош Тұраровты айыптаған Әнару Құрманәлі араша сұрады
1,241
оқылды

Былтыр танымал боксшы Жанқош Тұраров зорлады деп арыз жазған Әнару Құрманәлі қиындықтардан шаршағанын айтып, әкесі Қалдыбек Құрманәліден көмек сұрады. Ол бұл туралы әлеуметтік желіде жариялаған жазбасында айтты, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Әнару Құрманәлі желіде видео жариялап, оқырмандарына жай-күйді баяндап берді. 

- Мен 1 жыл бұрын аварияға түсіп бетім осындай болған. Жай ғана таксиге отырып, үйіме бара жатқан кезімде... Менің бұндай қорлықтарым көп. Мен Қалдыбек Құрманәлінің бірінші қызымын, тұңғыш қызы. Бірақ осындай аласапыран өмір сүріп жатырмын... Менде бұндай суреттер өте көп. Және бір адамнан көрген қорлығымның да суреттері мен видеолары бар... Егер қаласаңыздар осы жерге біртіндеп барлығын шығаратын боламын... Сіздердің қолдауларыңызбен... Бірақ анамның көзі тірісінде бір тал шашыма да зиян келмеген еді..., - деп жазды Әнару Құрманәлі.

Сондай-ақ ол Instagram-дағы жазбасында Жанқош Тұраровтан жеті жыл бойы қорлық көргенін мәлімдеді.

«7 жыл бойы мен осы адамнан қорлық көрдім... Мені барлық жағымнан қорлап, бопсалап, қорқытып ұстап келеді. Жетім деп басыма мінді. Әйелі екіқабат болған екен, мен пәкпін, баламын. Оның үйлі екенін де білмей, сеніп араласқан едім. Сөйтсем, бұл адам әйелі қыз туғаннан кейін маған көңіл бөліп, мені маңайлап жүр екен ғой. Араласа келе қалай оның зорлығына тап болғанымды түсінбей қалдым. Осы адамға жолыққаннан бері өмірім құлдырап кетті.

Әке Сізден басқа қорғаным жоқ... Қатты қапалымын, өзімді тастанды және қорғансыз сезініп келемін. 29 жыл бойы... Әке мені қорғаңызшы, тастамаңызшы. Мен әлсізбін... Осындай алаяқтардың жемтігі қылмаңыз мені... Сізден басқа қорғаушым жоқ... Сенерім Алла мен сіз ғанасыз...», - деді ол.

Бұған дейін Әнару Құрманәлінің арызы бойынша Жанқош Тұраровтың үстінен қылмыстық іс қозғалған болатын.