Нұрдәулет Мэлс желідегі тағы бір блогердің жарнамасын көріп, «ол неге сотталмай жүр?» деген сұрақ қойды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
«Мынадай жарнамамен қалай сотталмай жүр?» деуге себеп болған блогер – Мадина Маратова.
Өйткені автордың айтуынша, блогер онлайн жұмысты жарнамалап, басы дауға қалып отыр. Ол (М. Маратова) өз сөзінде:
«Мен онлайн жұмыс істеп, күніне 20-25 мың теңге салып, 300-400 мың теңге көлемінде ақша табамын. Және сізге ол қызықты болса, осы сілтемеге өтіңіз. Ешқандай лохотрон емес, осы сілтемеге өтсеңіз, шынайы, сенімді адам толығымен кеңес береді. Уатсапқа жазыңыз», – дейді.
Ал бір адам осы жарнаманы көріп, 25 мың теңгеге алданып қалған. Ал схема мынадай екен:
«Басында 25 мың салсаңыз, 450 мың теңге ұтасыз деп жазған. Сосын ол ақшаны өзіңіздің нөміріңізге баланс қылып алыңыз деген. Салған соң, системадан код жіберген. Кодты айтасыз, нөміріңізден ақша алады, сосын күтесіз деген. Картаға аударып беремін деп уәдесін де беріп қойған. Сөйтсе, ол ақшаны букмекер кеңсесінен шешіп алады екен. Сосын комиссия келіп тұр, ақшаны алу үшін оны да төлеу керек депті. Төлеген соң, тағы сұрай берген. Сөйтіп, банк шотында нөл теңгесі қалғанша ала берген», – дейді блогер Н. Мэлс.
Қазір ол ресми органдарға хат жазып, арыз жіберген екен.