Бұл туралы арнайы брифингте Алматы әкімінің орынбасары Ерлан Қожағапанов мәлімдеді.
"Алматылықтарға қалаға оралуға 72 сағат беріледі. Дәл осы уақыт ішінде облыс пен өзге өңір тұрғындары қаладан шығып үлгеруі керек. 22 наурызда сағат 00.00-ден бастап теміржол және әуе қозғалыстары толықтай тоқтатылады", - деді ол.
Еске салайық, Алматыда карантин 19 наурызда сағат 00.00-ден бастап енеді. Соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда 36 адам коронавирус жұқтырған.