Қонақүйдің жалпы аумағы – 780 шаршы метр, 18 нөмірге, 48 төсек-орынға есептелген. Сондай-ақ 50 автокөлікке арналған тұрақ пен жылы гараждары бар. Қазіргі таңда 6 нөмір пайдалануға беріліп, әрлеу жұмыстары жалғасуда. Қажетті жабдықтар сатып алынуда, мүмкіндігі шектеулі жандарға да қолайлы жағдай жасалған. Алдағы уақытта қонақүйде SPA-салон, бассейні бар монша, кәдесый дүкені ашылып, қаланың көрікті жерлеріне экскурсиялар ұйымдастыру жоспарлануда.

«Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы өз ісімді дамытуға үлкен мүмкіндік алдым. Біз тек қонақүйді жайлы етуге ғана емес, Шемонаиханың туристік тартымдылығын арттыруға да үлес қосуды көздеп отырмыз. Алдағы жоспарымыз – қала тұрғындары мен қонақтарына сапалы қызмет көрсетіп, өңірдің туристік әлеуетін дамыту», – дейді «Ауыл аманаты» жобасының қатысушысы Марина Блок.
