Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі медициналық маска сатып алуға болатын дәріханалардың тізімін ұсынды.
«Маскалар Биосфера, Саламат Z, Иммуно плюс, Старый лекарь, UDM - КЗ, Феникс, Базикова, Частная Аптека 99, Фармаком, Гиппократ МФК Астана, Жәрдем компания, Астана Оник, Алсун Астана, Aidamed, Максима фарм, Исакова А.А, Оркен фарм, Стофарм, Еврофарма дәріханалар желісіне келіп түсті», - делінген қала әкімдігі таратқан хабарламада.
Әкімдік әр адамға бес маскадан артық сатылмайтынын ескертті.
Сондай-ақ бүгін Алматы әкімдігі де маска сатылатын дәріханалардың тізімін жариялаған еді.
Айта кетсек, кеше Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов 1 млн маска жеткізілгенін хабарлаған болатын.