Бұған себеп болған дүние Гүлзира Айдарбекованың өз келінін құттықтап жазба жарияламағаны екен.
«Біреуді өсектегенше, өз өміріңізді әдемі сүріңіз»: Қайрат Нұртастың анасы өзін сынағандарға қатты айтты
595
оқылды

Қайрат Нұртастың анасы, танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова өзінің әлеуметтік желідегі парағында оқырмандардан отбасылық өміріне араласпауды сұрады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

«Менің отбасыма байланысты сұрақтар қойып жазып жатқандар. Біреудің жанұясын өсектегенше, өз әлеміңізбен, өз өміріңізді әдемілеп сүргеніңіз дұрыс шығар. Ештеңе білмей жатып, сырттай бал ашып, өсектегенше, өз басыңыздың қиындығын реттеп алғаны жөн болар, мысқылдағыш жандарға айтарым. Солай ма, достар?», — деп жазды Гүлзира Айдарбекова.

Оған қоса, қазір желіде Гүлзира Айдарбекованың келіні Жұлдызды құттықтап жазба жарияламағанын оқырман қауым қызу талқылап жатыр.