Мөлдір Мұқанова Instagram парақшасында жазба жариялап, оқырманды ойландырып қойды.
«Менің жүрегімде кек емес, кешірім көп»: Мөлдір Мұқанова жан сырын ақтарды
Фото: ашық дереккөз
2,515
оқылды

Әзілкеш Тұрсынбек Қабатов пен оның жұбайы Мөлдір Мұқанованың қарым-қатынасына қатысты әңгіме басылар емес, – деп жазды Aikyn.kz.

Мөлдір Мұқанова Instagram парақшасында жазба жариялап, оқырманды ойландырып қойды.

«Айналамдағылар неге саған жамандық жасағандарға үн қатпайсың деп сұрайды. Ал мен уақытымды өз деңгейімнен төмен түсіп, кек қайтаруға ысырап етпеймін. Мен үшін тыныштық – ең үлкен жеңіс, сабыр сақтау – нағыз биіктік. Себебі менің жүрегімде кек емес, кешірім көп», – деп жазды продюсер.

Оның бұл жазбасын Тұрсынбек Қабатовпен байланыстырып, пікір жазып жатқандар көп.

Айта кетейік, әзілкештің екінші әйел алғаны туралы қауесет тараған еді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.