Сұхбат жүргізушісі исламтанушы С.Өскенбаевтан жынның адамға қалай және не үшін кіретінін де сұрады.
«Шашы жалбыраған 75 жастағы әже қабырғада шауып жүрді»: дін маманы адамға жынның қалай кіретінін айтты
видеодан скриншот жасалды
2,690
оқылды

Бұл туралы Азан радиосына исламтанушы, дін маманы Санат Өскенбаев көлемді сұхбат берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ол өзінің басынан өткен оқиғаларды айтып, кезінде Атырауда 75 жастағы кейуананың ішінен жынды қалай шығарғанын баяндады.

«Дем салу керек деген соң, қысылып жатқан шығар деп ойладым. Барсам, есіктен аттағаннан бастап, бәрі басқаша екенін ұқтым. Басым айнала бастады. Балалары мені соның бөлмесіне кіргізіп, өздері қалып қойды. Ішке кірсем, кинодағыдай, шашы жалбыраған 75 жастағы әже пештің түбінен бастап, жармен жүріп, жоғары қарай көтерілді. Мен соны көрген бойда Аят Аль-Курсиді оқыдым. Мә, сөйтсем, анау құламайды. Одан сайын жүреді. Жүрегім қатты соғып бара жатыр. Қорқынышты бола бастады. Балалары қашып кетті, ешкім кірмейді. Сөйтіп, оқып жатырмын, оқып жатырмын, Фалақ, Насты қайталадым. Сосын Фатиха сүресін оқыдым. Бір кезде әйтеуір жардан құлап түсті. Жардан құлаған соң болды. Үш күн бойы сүрелерді оқып, содан кейін дұрысталып, адам қалпына келді. Енді содан не болғанын сұрасам, дым да білмейді», – дейді ол.

Сұхбат жүргізушісі исламтанушы С.Өскенбаевтан жынның адамға қалай және не үшін кіретінін де сұрады.

«Негізі рухани алжыған адамдарға дәл осындай болады ғой. Бұл нәрсе негізі көбіне күйзеліс, стресс жағдайында болады. Біреудің кейде баласы, бауыры өліп қалып, Алланы жазғырады. Сол кезде адам рухани күйзеліске түседі, ал аналар сенің проблемаңды шешіп береміз деп келеді. Негізінен солай. Алла Тағалла оларға адамға берілмеген қабілет берген. Көзге көрінбеу, тағдырды ұрлау деген сияқты», – деп жауап берді дін маманы.