Егін жинау жұмыстары еліміздің 15 өңірінде жүріп жатыр.
Алтын дән қамбаға құйылды
4,033
оқылды

Астықты өлкелер қатарында Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстары, сондай-ақ Абай, Жетісу облыстары мен Шымкент қаласы бар. Қамбаға құйылған дәннің өнімділігі жөнінен Шығыс Қазақстан, Алматы, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан және Жетісу облыстары жақсы көрсеткішке жетіп отыр.

Соңғы деректер бойынша, егін алқабынан 2,2 млн гектар дәнді дақыл орылып, бұл жалпы егіс алқа­бының 13,7%-ын құрады. Бастырылған астық көлемі – 3,1 млн тонна.

Сондай-ақ бақша дақылдары да пісіп, жиналып жатыр. Жиын-терін барысында 24,4 мың тонна май­лы дақыл және гектарына 239 центнерден өнім бе­ріп 525,5 мың тонна картоп, гектарына 286 цент­нерден өнім беріп 1,6 млн тонна көкөніс, гектарына 269,9 центнерден өнім беріп 1,8 млн тонна бақша да­­қылдары жиналды.

Биыл кейбір өңірлерде жауын-шашын аз бол­ға­нына қарамастан, көкөністер мол өнім берген. Мә­селен, 319,5 мың тонна қырыққабат жиналып, гек­тарынан 375,4 центнер өнім алынған, 256,7 мың тонна пияз жиналып, гектарынан 390 центнер өнім алын­ған, 98,8 мың тонна сәбіз жиналып, гектарынан 298,1 центнер өнім алынған. 

Тілек ҚАБЫЛ